Астана мен 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер 21 қаңтарда Астана мен Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, солтүстік-батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 15-20 градус, облыстың батысында 12 градус аяз болады деп күтіледі. Оралда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні - 18 м/с.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі, облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 10-15 градус, облыстың батысында 20 градус аязды көрсетеді деп болжанады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде елдің солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 11-16 градус аяз болады деп күтіледі. Ақтауда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүріп, облыстың батысында тұман түседі деп күтіледі. Соблыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 17-22 градусқа, облыстың батысында, солтүстігінде 25 градусқа дейін аяз болады деп күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында тұман түсіп, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 23-28 градус, облыстың оңтүстігінде, шығысында 20 және одан төмен градуста аяз болады деп күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 20-25 градус, облыстың шығысында 17 және одан төмен градус аяз болады деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 25-30 градус, облыстың оңтүстігінде 20 және одан төмен градуста аяз болады деп күтіледі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде түнде қатты қар жауады, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 10-15 градус, облыстың батысында 18 градусқа дейін аяздайды деп болжанады.
Ұлытау облысында қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 17-22, облыстың шығысында 13 градус аязға дейін күрт төмендейді деп болжанады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстансоққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың батысында, солтүстігінде 20-25 градус аяз болады, сынап бағаны одан да төмендейді деп күтіледі.
Абай облысының оңтүстігінде, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан асады деп күтіледі. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың батысында, шығысында 25 градусқа дейін аяздайды деп күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан асады деп күтіледі. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың шығысында 25-30 градусқа дейін аяздайды деп күтіледі.
Қызылорда облысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың батысында, солтүстігінде 15 градус аяз болады деп күтіледі. 22 қаңтарда түнде 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде 25 градус аяз болады деп болжанады. Қызылордада кей уақытта тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
21-22 қаңтарда Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), 21 қаңтарда күндіз, 22 қаңтарда тәулік бойы облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, 22 қаңтарда тәулік бойы 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 23-28 м/с, облыстың тау асуларында 30 м/с дейін жетіп, одан да асады. 22 қаңтарда ауа температурасы түнде 2-7, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 10 градус аязды көрсетеді, 23 қантарда түнде 10-15, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 20 градусқа дейін аяздайды деп күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 30 м/с және одан да асады деп күтіледі. 23 қаңтарда ауа температурасы түнде 10-15, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 20 градус аязға дейін күрт төмендейді. Таразда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстік жартысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с, кей тұста 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан да асады деп күтіледі. 23 қаңтарда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қалың қар жауады. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 20-25 градус аяз болады.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с, Алакөл көлдері аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан да асады. 23 қаңтарда ауа температурасының түнде 10-15, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 20-25 градус аяз болады әрі сынап бағаны одан ары төмендейді деп күтіледі. Талдықорғанда түнде тұман болады.
Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с болады деп күтіледі.
Астанада қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Таңертең және күндіз Алматы облысының солтүстік-батысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің облыстың оңтүстік жартысындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Қонаевта түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Алматыда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында қатты қар жауады деп күтіледі. Бұрқасын жүріп, облыстың шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты қар жауады деп күтіледі. Жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 23-28 м/с дейін жетеді. Қарағандыда жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар жауады. Бұрқасын жүреді. Күндіз облыстың шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді деп күтіледі.
Ақтөбе облысында бұрқасын жүріп, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігіндеңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Ақтөбеде бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.