Астана мектебінде инклюзияны қолдау кабинеті ашылды

Елордада Ә. Бөкейхан атындағы № 76 мектеп-лицейде инклюзияны қолдаудың жаңа кабинетін таныстырды. Осыған ұқсас сыныптар елорданың тағы бірнеше білім беру мекемелерінде жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Инклюзияны қолдау кабинетінің моделін «Samruk-Kazyna Trust» қоры сарапшылардың қолдауымен және Білім басқармасының әдістемелік қолдауымен әзірледі.

Осылайша, біз ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға басқалармен тең дәрежеде білім алуға қолдау көрсету үшін жағдай жасай алатынымызға өте қуаныштымын. Қазақстан бойынша мұндай жобалар көп болып, біз балаларды қолдай аламыз деп сенемін. Кабинет көпфункционалды, мамандарға, жеке және топтық жұмыстарға, релаксацияға арналған әртүрлі аймақтар бар. Кабинет әрбір маманның жұмысы көрінетін етіп open space форматында құрылды, - деді жоба менеджері Мереке Мерғалимова.

Жаңа форматтағы осындай инклюзивті сыныптар № 22 мектеп-гимназиясында, № 97 мектеп-гимназиясында, № 36 орта мектепте және Қ.Мыңбаев атындағы № 59 мектеп-лицейінде жұмыс істейді. Енді ерекше білім беру қажеттіліктері бар 150-ден астам бала құрдастарымен бірге қарапайым мектептерде оқи алады.

Бүгін инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Біздің қалада қазір осындай 46 кабинет жұмыс істейді, оның 18-і қыркүйекте ашылды. Біріншіден, біз балалардың құқықтарын қорғауымыз керек. Әрбір ерекше бала біздің бақылауымызда және біздің мақсатымыз – әрқайсысының оқуына жағдай жасау. Инклюзияны қолдау кабинеттері ерекше қажеттіліктері бар және әртүрлі кемістігі бар балаларға арналған. Біз балалардың білімі мен денсаулығына бірге атсалысамыз, - деді Білім басқармасының бас маманы Гүлшат Исинова.

Сыныптар екі бөлек үй-жайдан тұрады: психологқа, дефектологқа, логопедке және емдік дене шынықтыру кабинетіне арналған open space форматындағы кең кабинеттер. Бір бөлменің ауданы кемінде 60 шаршы метрді құрайды, бұл балаларға ыңғайлы жағдайда сабақ өткізуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру кабинеттерінің саны 46 бірлікті құрады.

Кабинеттердегі мұғалімдер балалардың функционалдық бұзылыстарын жою немесе азайту, олардың мектеп ортасына интеграциялануға физикалық және әлеуметтік тұрғыдан дайын болуына көмектесу үшін жұмыс істейді. Балаларға қарапайым әлеуметтік-тұрмыстық дағдылар үйретіледі. Әр бала үшін жеке даму бағдарламасы жасалады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты
Өзгелердің жаңалығы