5 Қараша 2025 2025, 15:48
Astana Media Week: БАҚ-та біреудің жеке өмірін жариялау медиаэтикаға жата ма?
Бүгін Astana Media Week апталығы басталды. Оның аясында BAQ.KZ тілшісі Медиаэтика және жасанды интеллектіні БАҚ-та қолдану тақырыбында Қазақстан телеарнасының директоры Болат Мүрсәліммен шағын сұхбат құрды.
Қазір медиаэтика заңдылықтары қалай өзгерді? Бұл сауал бүгін басталған Astana Media Week апталығында талқыланып жатыр.
Биыл тоғызыншы рет өтіп жатқан медиа апталыққа 1000-нан аса журналист, медиаменеджер, PR-маман қатысып жатыр. BAQ.KZ көшпелі студиясының бүгінгі қонағы "Қазақстан" телеарнасының директоры Болат Мүрсәлім болды. Ол BAQ.KZ тілшісіне берген сұхбатында "Қазіргі қоғамдағы медиаэтика қағидалары қандай болуы керек? ЖИ-ды маркеровкасыз қолдану, БАҚ-та біреудің жеке өмірін жариялау медиаэтиканы бұзбай ма?" деген сұрақтарға жауап берді.