Astana Media Week аптасы басталды
Астанада дәстүрлі медиа апталық салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Биыл халықаралық іс-шара «Медианың әсері және цифрлық үндестік» тақырыбында өтіп жатыр.
Astana Media Week медиа саласының көшбасшылары мен кәсіпқой мамандар мен сарапшыларды бір алаңға жинап, өзекті мәселелерді талқылайтын кәсіби алаңға айналды, - деді Аида Балаеваның атынан құттықтау хатын оқыған вице-министр Қанат Ысқақов.
Хатта министр медианың күнделікті өмірге әсерін де айқындап өтті.
Медианың күнделікті өмірде ықпалы зор, ол тек ақпаратты тарату ғана емес қоғамдық пікірді қалыптастырушы мәдениетті дамытуда үлес қосады. Цифрлық технология жылдам дамып, осы үрдістерді жаңа деңгейге көтеріп медианың ықпалын одан әрі күшейтеді. Бұл үрдістер медиа мамандарының біліктілігін арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, – делінген хатта.
Алдағы үш күн бойы жетекші сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері және танымал журналистер медиа саласының өзекті мәселелерін талқылайды.
Сондай-ақ халықаралық медиа ұйымдардың өкілдері мен индустрия көшбасшылары пікірін ортаға салып, жаһандық трендтер мен медиа-коммуникация саласындағы озық тәжірибесімен бөліседі.
Айта кетейік, іс-шара аясында 25 және 26 қыркүйек күні «Контент-Маркет» өтеді. Онда телеарналар мен продакшндар озық медиа жобаларын таныстырады.