Астана маңында қар жауды

Сенбі, 30 тамыз күні Ақмола облысындағы Макинка ауылының маңында қар жауды. Оқиға куәгерлері әлеуметтік желіде Астана – Көкшетау тас жолында түсірілген видеоны жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кадрлардан жол жиектерін қар басып қалғанын көруге болады.

Бүгінгі ауа райын қараңыз. Қар. Сондай қорқынышты. Бүгін 30 тамыз деп кім ойлаған, – дейді видео түсіруші.

Сонымен қатар, кеше "Қазгидромет" синоптиктері Қазақстанға батыс антициклонының ауыса бастағанын хабарлаған. Салқын ауа массаларының әсерінен ол елдің басым бөлігінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы