5 Қазан 2025 2025, 20:08 Фото: Ақмола облыстық ТЖД

Астана маңында бірнеше гектар қамыс өртенді

Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданы Ақмол ауылының 8 шақырым жерінде ашық аумақта қамыс өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданы Ақмол ауылының 8 шақырым жерінде ашық аумақта қамыс өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық ТЖД таратқан мәліметке сәйкес, өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 4 гектар аумақта толығымен сөндірілді.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - деп атап өтті ведомстводан.

Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды еске салады.