«Астана» Мальта командасының қақпасына бес гол соқты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. УЕФА Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Мальтаның «Валлета» клубымен кездескен «Астана» өз алаңында 5:1 есебімен жеңіске жетті.

Роман Григорчук бапкер алғашқы минуттан үздіктерін алаңға шығарды. Тиісінше, жерлестеріміз бірден шабуылға көшті. Матчтың 8-минутында сол қапталдан Дорин Ротариудың асырған пасын Рунар Сигурьонссон голға айналдырды. Одан кейін Юрий Логвиненко көзге түсті. Ол айып соққысынан кейін басымен қақпаны дәл көздеді.Үзіліске дейін Марин Томасов та мергендігімен көзге түсіп үлгерді.

Екінші тайм да тағы үш гол соғылды. Бірақ біреуі қонақтардың еншісінде. Бас бапкер Иван Маевскийді шабуылшы Рангело Янгаға ауыстырып еді, қарымта шабуылдан бір гол жіберіп қойды. Дегенмен, ойын соңына қарай, Янганың өзі есепті 5:1-ге жеткізді.

Бір аптадан кейін екі команда Мальтада кездеседі. Бұл жұптың жеңімпазы іріктеу кезеңінің плей-офф сынында «Сараево» (Босния) және БАТЭ (Беларусь) жұбының жеңімпазымен жолығады. Босниядағы алғашқы ойында БАТЭ 2:1 есебімен жеңіске жетті.

«Астана» - «Валлетта» - 5:1
Голдар: Сигурьонссон, 8 (1:0). Логвиненко, 14 (2:0). Томасов, 35 (3:0). Сигурьонссон,57 (4:0). Фонтанелла, 67 (4:1). Янга, 80 (5:1).  

Айтпақшы, еурокубоктың биылғы маусымдағы көрсеткішіне сәйкес, Қазақстан 12-орынға көтерілді.

ТОП-10 мынандай: 
1. Шотландия - 3,375
2. Швеция - 3,125
3. Норвегия - 2,875
4. Кипр - 2,750
5. Испания - 2,714
6. Англия - 2,714
7. Германия - 2,714
8. Италия - 2,714
9. Румыния - 2,625
10. Венгрия - 2,625

...

12. Қазақстан - 2,375.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы