13 Маусым 2025 2025, 10:44 Фото: - архив

Астана күнінде қазақстандықтар неше күн демалады

Астана күніне байланысты қазақстандықтардың неше күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана күніне байланысты қазақстандықтардың неше күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана күні жыл сайын 6 шілдеде аталып өтеді. Бұл күн елорданың Алматыдан Астанаға көшірілген тарихи дата.

Биыл 6 шілде жексенбі күніне түсіп тұр. Еңбек заңнамасына сәйкес, мерекелік күн демалыс күнімен сәйкес келген жағдайда, ол келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Сондықтан 7 шілде, дүйсенбі – демалыс күні болып бекітіледі.

Осылайша, бес күндік жұмыс кестесімен жұмыс істейтін азаматтар 5, 6 және 7 шілде күндері қатарынан үш күн демалады.

Демалыс күндерінің кестесі:

Бес күндік жұмыс аптасы: 5, 6 және 7 шілде - демалыс.

Алты күндік жұмыс аптасы: 6 және 7 шілде - демалыс, 5 шілде - жұмыс күні.

Соған сәйкес, шілде айында:

Бес күндік жұмыс кестесінде істейтін азаматтар 9 күн демалады: 5, 6, 7, 12, 13, 19, 20, 26 және 27 шілде.

Алты күндік жұмыс кестесіндегі азаматтар 5 күн демалады: 6, 7, 13, 20 және 27 шілде.