Астана колледждері студенттерді қабылдауға дайын

Бұл жайында елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаңа оқу жылы қарсаңында барлық колледжде жөндеу жүргізілді, білім беру бағдарламалары өзектендірілді, педагогикалық штат жасақталды. Астанада 33 колледж жұмыс істейді, оның ішінде 9-ы – мемлекеттік, 24-і – жекеменшік. Ондағы кадрларды даярлау 75 мамандық және 122 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.

2023-2024 оқу жылына арналған баршаға арналған тегін кәсіптік техникалық білім беру жобасы аясында 8 бағыт бойынша 8 500 орынға және ең сұранысқа ие 59 мамандыққа мемлекеттік білім беру тапсырысы қалыптастырылды. Барлық колледжде күндізгі оқу нысанына құжаттарды қабылдау 15 тамызда педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша, ал 18 тамызда өзге де мамандықтар бойынша аяқталды, - деп хабарлады басқарма басшысы.

16 жатақханада қаладан тыс студенттерге арналған орындар дайындалды. Барлығы – 2 696 орын. Оқу жылының басынан бастап 607 студент мақсатты мемлекеттік тапсырыс бойынша колледждерде оқуын бастайды, олар аяқталғаннан кейін Астананың 44 кәсіпорнына жұмысқа орналасады

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы