«Астана» клубы алғаш рет лига кубогының чемпионы атанды
Түркістан қаласында «Түркістан Арена» стадионында Қазақстан лига кубогының алғашқы жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кубок үшін «Астана» және «Жеңіс» командалары сынға түсті.
Биыл Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанған астаналықтар фаворит саналғанымен, негізгі уақытта есеп ашылған жоқ. 104-минутта Марин Томасовтың пасынан кейін «Астана» сапындағы Карло Бартолец мергендік танытты. Соңғы сәтте Усман Камара есепті 2:0-ге жеткізді.
Бірінші рет өткізілген лига кубогының жүлде қоры 450 млн теңге болатын. «Астанаға» соның 129 миллионы тисе, «Жеңіске» 89 млн теңге берілмек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
Өзгелердің жаңалығы