Astana Hub технопаркі бір жылда не бітірді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Astana Hub технопаркі өзінің алғашқы жұмысының нәтижелерімен бөлісті.

Осыдан тура бір жыл бұрын, яғни 6 қарашада Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің жұмысы басталды. Технопарк Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының бесінші бағыты – инновациялық экожүйені дамыту аясында ашылды.

Технопарктің міндеті – стартап мәдениетін дамыту және ел экономикасын нығайту үшін жоғары технологиялық жобаларды қолдау.

Ашылғаннан бері Astana Hub тобы технологиялық стартаптарды дамытуды қолдау шаралары бойынша жұмыс істейді. Технопарктің мүмкіндіктері мен қызметтерін қолдана отырып, бүгінгі таңда 1000-нан астам зерттеуші мен технологиялық кәсіпкер киберқауіпсіздік жобаларын іске асырады, балаларды қорғауға арналған қосымшалар әзірлейді, жаңа буын банкоматтарын және басқа да пайдалы технологияларды жасайды. Технопарк жұмыс істеген алғашқы жылы резидент компаниялар өздерінің жобаларын дамытуға 17 млрд теңгеден астам қаражат тартты.

Қазіргі уақытта Қазақстанның ең ірі технопаркі 100% толықты, оған 130-дан астам компания қатысып, 17 ғылыми-зерттеу R&D зертханалары жұмыс істейді.

Өткен жылы Технопарк алаңдарында 600-ден астам іс-шара, тренингтер мен дәрістер өткізіліп, оған 17 мыңнан астам қатысушы қатысты. Іс-шаралардың ішіндегі ең үлкені жас IT-мамандарға арналған Digital Bridge форумы болды, ол әлемдегі технологиялық кәсіпкерлерді жинады.

Технопаркте стартаптарды дамытудың бірегей бағдарламалары бар, олар бойынша оқыту тегін: стартап-мектебі; инкубация, акселерация бағдарламалары және виртуалды акселерация бағдарламалары.

Мәселен, Astana Hub акселерация бағдарламасы – бұл стартап иелеріне өз ісін кеңейтуге, клиенттерді тартуға және жобаны дамытуға қаражат салуға көмектесетін жалғыз ақысыз бағдарлама.

Жалпы алғанда, 400-ден астам студент, 200 стартап-жоба Технопарктің білім беру жобаларын аяқтады, ал тағы 60 жоба 2019 жылдың соңына дейін осы бағдарламадан өтуде. Технопарктің жеделдету бағдарламаларына қатысушылардың жұмыс орындарын ашуы барлық жұмыстың маңызды нәтижесі болды. Сонымен, 1182 жұмыс орны құрылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы