17 Ақпан 2023 2023, 16:08 Фото: olympex.kz/astana-hub

Astana Hub-қа мемлекеттен бөлінген миллиардтаған қаржының жартысы кеңсе жалдауға кетеді

2023 жылы мемлекет ІТ саланы дамытуға қанша қаржы бөлгені белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2023 жылы мемлекет ІТ саланы дамытуға қанша қаржы бөлгені белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ОКҚ-да өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі IT-саласын дамыту департаментінің директоры Ерсұлтан Ерманов биыл Astana Hub-қа 2,6 млрд теңге бөліпгенін айтты.

Қазіргі уақытта осы жылға жоспарланған қаражат бойынша Astana Hub-қа мемлекеттік тапсырыс орнатып жатырмыз. Мемлекеттік тапсырыстың көлемі – 2,6 млрд теңге. Оның ішіне инфрақұрылымды жалдау ақысы кіреді. Яғни бөлінген соманың 50%-дан аса бөлігі ЭКСПО аймағындағы 22 000 шақырымды жалға алуға кетеді, - деп түсіндірді IT-саласын дамыту департаментінің директоры Ерсұлтан Ерманов брифингте.

Оның айтуынша, қалған қаражат қазір қолға алынған акселерация жұмысына және білім беру бағдарламаларына бағытталған.