Astana Hub Google for Startups-тың ресми серіктесі атанды

2022 жылы Astana Hub әлемге әйгілі Google for Startups-тың ресми серіктесі атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ОКҚ-да IT саласын дамытуға қатысты өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі IT-саласын дамыту департаментінің директоры Ерсұлтан Ерманов айтты.

Отандық кәсіпкерлердің жаһандық нарыққа шығуы үшін министрлік қолайлы жағдай жасап, әртүрлі мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастырып жатыр. Соның ішінде әкімшілік, білім беру, қаржылық және т.б. шаралар кіреді. Мысалы, былтыр Astana Hub әлемге әйгілі Google for Startups-тың Орта Азия, Моңғолия, Грузия және Әзербайжан аймағындағы ресми әрі эксклюзивті серіктесі атанды, - деп түсіндірді ол.

Сөзінше, бұл компания өзінің көптеген функциясының арасында дүниежүзілік стартаптар үшін экспорттық акселерация қызметін атқарады.

Бүгінгі таңда осы бағдарлама арқылы 7 елдің 30 стартапы өтті. Нәтижесінде олар гетелдік нарыққа шығып, табыс тауып жатыр. Осы бағдарламадан кейін стартаптардың толық құндылығы шамамен 340 млн долларға жетті, - деп айтты Ерсұлтан Ерманов брифингте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: astanatimes.com
Өзгелердің жаңалығы