9 Сәуір 2025 2025, 20:29
Фото: gov.kz
Астана халықаралық форумы 2025 демеушілер есебінен өткізіледі
Астана халықаралық форумы 2025 биыл тек демеушілердің қаражаты есебінен ұйымдастырылады. Бұл туралы ҚР Мәжілісінің жалпы отырысынан кейінгі брифинг барысында вице-премьер Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, бұған дейін іс-шараны өткізу үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінетін. Биыл тиісті қаулының күші жойылды.
Форумды ұйымдастыруға жұмсалатын барлық шығын демеушілік жарнамен жабылады. Оны өткізуге бюджет қаржысы бөлінбейді.