Астана халықаралық әуежайында кешіктірілген рейстер ұша бастады

Астана халықаралық әуежайында кешіктірілген рейстер ұша бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елорда әуежайындағы жағдай тұрақталып келеді.

Осыған дейін төтенше жағдай салдарынан Астана әуежайынан ұшатын 18 рейс (14 рейс Қазақстан ішінде, 4 халықаралық рейс) кешіктірілген еді.

Әуежайдың ішкі және халықаралық рейстер терминалындағы жұмыс 10:48-де жанданып, жолаушылар тіркеуден өте бастады. DV702 Астана-Шымкент рейсі 12:23-те, IQ389 Астана-Жезқазған 12:26-да, IQ437 Астана-Петропавл 13:38-де және KC952 Астана-Алматы 12:46-да, КС7052 Астана-Алматы 13:36-да, KC205 Астана-Дубай 13:04-те ұшты.

Төтенше жағдай кезінде елорда әуежайында Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің басшылығы, Авиациялық әкімшілігі қызметкерлері және Terminals Airport Astana Management LLP, әуежай қызметкерлерінің қатысуымен оперативті штаб құрылып, жедел әрекет етті.

Эвакуацияланған жолаушыларға сусын, жеңіл тағам ұсынылды. Жолаушылардың қауіпсіздігі әуежай басшылығының басты назарында. Сондықтан әуежайдағы қауіпсіздік шараларын қалыпқа келтіру және күшейту шараларын әрі қарай жалғастырады. Осындай сәтте әуежай қызметкерлеріне қолдау білдіріп, қиын жағдайда түсіністік танытқан жолаушыларымызға алғыс білдіреміз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин/@caa_kaz
Өзгелердің жаңалығы