"Астана" футбол клубына инвестор табылды

"Астана" футбол клубы коммерцияландырылатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Үкіметтегі брифингте туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.

Қазір бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз, инвестор бар. Алайда барлық рәсімдер толық аяқталғанға дейін нақты мәлімет айта алмаймын. Дегенмен инвестор анықталған, – деді министр.

Оның айтуынша, бұған дейін елордалық команда Sport Qory бірыңғай спорт операторы арқылы қаржыландырылған. Сондай-ақ министр қазірдің өзінде бес клубтың жеке инвесторларға берілгенін, ал қалған жеті клуб бойынша жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы