«Астана» Еуропа лигасында Андорра клубын жеңе алмады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Астана»УЕФА Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда Андорра елінің «Санта-Колома» клубымен кездесті.
«Астана» бұл жұптың сөзсіз фавориті. Қарсыласы – жартылай әуесқой команда. Букмекерлік кеңселер де Қазақстан командасының жеңісіне күмән келтірмеген болатын. Бірақ 90-минуттағы ойынның қорытындысы – 0:0.
Қарымта ойын 1 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.
«Ойын басында жақсы нәтиже тіркеліп, жеңіске жетуге үміттенген едік. Дегенмен, матч соңында қарсылас ойыншылары қорғаныста өте сауатты ойнағанын айтар едім. Сондықтан да бізге алаңда оңай болған жоқ. Қажет кезде өткір шабуылдар көп ұйымдастыра алмадық. Енді қарымта кездесуде бірінші кезекте шабуылда қызуқанды ойын көрсетуіміз қажет», - дейді ойыннан кейінгі баспасөз мәжілісінде «Астана» бапкері Роман Григорчук.
«Санта-Колома» (Санта-Колома, Андорра) – «Астана» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) – 0:0
«Санта-Колома»: Касальс, Сан-Николас М., Миранда, Андреу Рамос, Ребес, Пи (Алаэс, 58), Нахера (Медина, 73), Педро Сантос, Чус Соса, Азеведу, Чус Рубио (Систеро Серна, 83).«Астана»: Эрич, Рукавина, Аничич, Ротариу (Мұжықов, 82), Сигурьонссон (Мубеле, 64), Томасов, Маевский, Шимунович, Логвиненко, Постников, Муртазаев
Бас төреші: Роберт Хеннесси (Ирландия)
Андорра-ла-Велья. «Комуналь».
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбе облысында «Мектепке жол» акциясымен 3 мың бала көмек алды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы