«Астана» Еуропа лигасын сәтті бастады

Еуропа лигасының үшінші іріктеу раундында «Астана» өз алаңында Болгарияның «Лудогорец» клубын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Клубтардың негізгі құрамдары мынадай:

«Астана»: Чондрич, Бейсебеков, Марочкин, Томашевич, Вороговский, Эбонг, Оганесян, Айымбетов, Урега, Лончар, Дарбо;

«Лудогорец»: Падт, Петровски, Гонсалвеш, Десподов, Витрю, Руссо, Вердон, Сонко-Сундберг, Текпетей, Хайстер, Руан Секо.

Григорий Бабаян негізгі құрамға аздап өзгеріс енгізіп, Марин Томасовты қосалқы құрамда қалдырып, Абат Айымбетов пен Дембо Дарбоны алаңға шығарды.

Алғашқы таймда қарсыластар тең есеппен тарқасты – 1:1. Қонақтар 37-минутта есеп ашты. Болгариялықтар сапынан Ноа Сонко-Сундберг мергендік танытса, 40-минутта алаң иелері сапынан Жарко Томашевич есепті теңестірді.

Ал екінші таймда қарқын қосқан елордалықтар екінші голды соқты. 53-минутта аяғына доп тиген Александр Марочкин мүлт кеткен жоқ.

Командалар арасында қарымта матч 17 тамызда Разградта өтеді.

«Астана» (Астана, Қазақстан) – «Лудогорец» (Разград, Болгария) – 2:1 (1:1)

Голдар: Сонко-Сундберг 35 (0:1), Томашевич 41 (1:1), Марочкин 53 (2:1).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: «Астана» ФК
Өзгелердің жаңалығы