16 Қараша 2024 2024, 15:08
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Астана дүкендерінің бірінде газ баллоны жарылды
Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы дүкендердің бірінде өрт шығып, дүкен жұмысшысы ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы дүкендердің бірінде өрт шығып, дүкен жұмысшысы ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дүкен қызметкерінің қазіргі жағдайы туралы айтылмады.
Оқиға салдарынан дүкен қызметкері ауруханаға жатқызылды, - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары газ баллонын өрттен қауіпсіз аймаққа жеткізді. Мәліметтерге сәйкес, өрт 60 шаршы метр аумақта сөндірілді.