Астана-Баян-Өлгий рейсі қайта ашыла ма?

Үкімет кулуарында Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Тимур Тілегенов Қазақстан мен Моңғолия арасындағы әуе рейсі қайта жандануы мүмкін екенін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан мен Моңғолия арасында құқықтық база құрылған. Екі ел арасында үкіметаралық әуе қатынастары туралы меморандум бар. Екі жақтан да тікелей рейстерді орындауға мүмкіндік бар. Бірақ жолаушылар ағыны аз болған соң қазіргі уақытта рейстер тоқтатылды. Бұған дейін өздеріңізге мәлім, SCAT әуе компаниясы Ұлан-Батыр бағытындағы тікелей рейстерді орындады. Бұдан кейін де «Эйр» Астана компаниясы Моңғолияға тікелей рейсті жоспарланған болатын, алайда ол бірнеше себепке байланысты және Моңғолия тарапынан сұрақ берілмеуіне байланысты ашылмай қалған болатын, - деді Тимур Тілегенов.

Оның айтуына қарағанда келесі жылы немесе 2025 жылға қарай жолаушылардың ағынына байланысты SCAT әуе компаниясы рейстерді орындауды жоспарлап отыр.

Жолаушылар ағыны Астанадан Моңғолияға аздау, ал Алматыдан көптеу болып отыр. Сондықтан 2024 жылға дейін сұраныс жағы қалай болады соның нәтижесімен ашып қалуымыз мүмкін. Жалпы, біз ұшу географиясын көбейту бойынша бірқатар жұмыс істеп жатырмыз. Оның ішінде Ұлан-Батыр бағытына ұшу жоспарда бар. Қазіргі таңда Моңғолияның «Хунну эйр» компаниясы аптасына екі рет жиілікпен Алматыға рейстер орындауда, - деді Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы