Спорт комитеті «Астана» баскетбол клубының болашағына қатысты мәлімдеме жасады
Дене шынықтыру және спорт істері комитеті «Астана» баскетбол клубын дамытуға қатысты жаңа тәсілдердің енгізілу себептерін түсіндірді.
Дене шынықтыру және спорт істері комитеті «Астана» баскетбол клубының қызметін тоқтатуы мүмкін деген ақпаратқа түсініктеме берді.
Ведомствоның мәліметінше, соңғы жылдары команданың халықаралық аренадағы нәтижелері қойылған міндеттер мен күтілген деңгейге сай болмаған. Өткен маусымда Бірыңғай ВТБ лигасында «Астана» 44 матчтың тек екеуінде ғана жеңіске жетіп, 12 команданың ішінде соңғы орынға тұрақтады. Жеңіліс көрсеткіші 95 пайыздан асып, бұл клуб тарихындағы ең төмен нәтиже болды.
Бұдан бөлек, команда соңғы сегіз жылда Бірыңғай ВТБ лигасының плей-офф кезеңіне өте алмады.
Ел ішіндегі жарыстарда да күткен нәтиже болған жоқ. «Астана» Қазақстан кубогы үшін бәсекеде жеңіліп, Ұлттық лиганың чемпиондық атағын да иелене алмады.
Комитет өткен жылы спортты мемлекеттік қаржыландырудың тиімділігін арттыруға бағытталған заң қабылданғанын еске салды. Құжатқа сәйкес, ұлттық құрамаларды дамытуға, спорттық резервті қалыптастыруға басымдық беріледі және бюджет қаражаты есебінен легионерлерді қаржыландыруға тыйым салынған.
Осыған байланысты қазақстандық баскетболды дамыту тәсілдерін өзгерту мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Негізгі назар жастар командасын дамытуға, спорттық резервті даярлауға және балалар мен жасөспірімдер баскетболын қолдауға аударылмақ.
- Жерде соңғы үш айдағы ең күшті магниттік дауыл тіркелді 07:49
- Ақтөбенің 100-ден астам креаторы Астанада өз жобаларын таныстырды 07:12
- Ұлытау облысында 50 шаршы метр аумақта битум өртенді 06:35
- «Трамп мұхиты» болуы мүмкін: АҚШ президенті жаңа жоспарын айтты 05:18
- Алматыда қоқыс жәшігінің жанынан мылтық табылды 04:27
- Парсы шығанағында өртенген танкерден 22 теңізші құтқарылды 03:40
- Тұман және қатты жел: 15 облыста дауылды ескерту жарияланды 02:34