«Астана Балет» театрының әртістері Женевада өнер көрсетті

Республика күні қарсаңында «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солистері мен «Астана Балет» театрының балет труппасы әртістерінің қатысуымен балет кеші өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Женева сахнасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» жетекші солисті Бақтияр Адамжан мен «Астана Опера» солисті Анастасия Заклинская француз хореографы Ролан Петидің «Жас жігіт және өлім» атты аңызға айналған балетінде И.С. Бахтың музыкасымен өнерін көрсетті.

Швейцарияда Сamerata Venia және Geneva Dance Events бірлесіп кешті ұйымдастырды. Іс-шараның маңыздылығын атап өту үшін ұйымдастырушылар қазақстандық әртістерді Bâtiment des Forces Motrices театрының сахнасында балет премьерасында өнер көрсетуге арнайы шақырды.

Сонымен қатар, көрермендерге Р.К. Щедриннің аранжировкасында Ж.Бизенің музыкасына арналған «Кармен-сюита» спектаклінде «Астана Балет» әртістерінің жарқын қойылымы ұсынылды.

Женева жұртшылығының нәзік сезімі бар. Әртістеріміздің өнері мен кәсібилігі жоғары бағаланды – залда қошемет тоқтаған жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы