"Астана Балет" театры Оңтүстік Кореядағы халықаралық фестивальде күміс жүлде иеленді
"Астана Балет" театры Cheonan World Dance Festival 2025 халықаралық фестивалінде күміс жүлдеге қол жеткізді. Байқау 24-28 қыркүйек аралығында Оңтүстік Кореяның Чхонан қаласында өтіп, оған әлемнің түкпір-түкпірінен 4000-нан астам биші қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Әлемдік сахнада қазақстандық ұжым Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айгүл Тәтидің хореографиясымен қойылған "Ұлы Дала мұрасы" атты ұлттық концерттік бағдарламаны ұсынды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль түрлі елдердің мәдениетін паш етіп, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады.
"Астана Балет" театрының жеңісі қазақ би өнерін халықаралық деңгейде насихаттап, ұлттық мәдени мұраны кеңінен таныстыруға жол ашты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Рудный қаласының прокуроры ұсталды – Бас прокуратура
Өзгелердің жаңалығы