"Астана балет" әртістері Түркияда қошеметке бөленді

"Астана Балет" театры труппасы Аспендоста (Түркия) өткен XXXI Халықаралық опера және балет фестиваліне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Өнер мерекесі шамамен 2 мың жыл бұрын салынған ежелгі амфитеатрдың сахнасында өтті. Қазіргі кезде театрға 3 мыңға жуық көрермен сияды. «Астана Балет» қойылымына барлық билет бірден сатылып кеткен.

Қазақстандық әртістер көрерменге екі балет қойылымын ұсынды: «Кармен-сюита» (Альберто Алонсо хореографиясы) және «A Fuego Lento» / «Баяу от» (Рикардо Амаранте хореографиясы).

Спектакльдерге театрдың жетекші солистері Қаламқас Орынбасарова, Сүндет Сұлтанов, Уэсли Карвальо және басқалар қатысты.

Көрермен қауым әртістердің кәсібилігі мен техникалық шеберлігін ғана емес, сонымен қатар өнерге адалдығы мен сезімді жеткізе алатын қабілеті үшін де жоғары бағалады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Өзгелердің жаңалығы