Астана-Баку арасындағы рейстер саны артып келеді
Астана мен Баку қалалары арасындағы рейстер саны артып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана мен Баку қалалары арасындағы рейстер саны артып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2023 жылғы 2 маусымнан бастап "Fly Arystan" тасымалдаушысы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының астаналары арасында тұрақты жолаушылар рейстерін алғаш рет іске қосады.
Рейстер "Эйрбас-А320" әуе кемелерінде дүйсенбі және жұма күндері аптасына 2 рет жиілікпен орындалатын болады.
Бұл әуе бағыты бойынша тұрақты рейстерді "Azerbaijan Airlines" әуекомпаниясы аптасына 2 рет жиілікпен орындайды.
Сонымен қатар қазіргі уақытта Әзербайжан Республикасына тұрақты рейстерді Алматы – Баку бағыттары бойынша "Эйр Астана" әуе компаниясы аптасына 2 рет, Ақтау – Баку "Fly Arystan" және "Azerbaijan Airlines" әуе компаниялары аптасына 3 рет, сондай-ақ Ақтөбе-Баку "Qazaq Air" әуе компаниясы аптасына 2 рет орындайды, - делінген хабарламада.
Осылайша, елдер арасында орындалатын тұрақты рейстер саны аптасына 14 рейске дейін артады. Екі астана арасындағы рейстердің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.