Астана Әзербайжан президентін қарсы алуға дайындалып жатыр

Астана Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті қарсы алуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ БОРТN1 Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 20-21 қазан күндері Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетінін жазғанбыз.

Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Сонымен қатар президенттер Жоғары мемлекетаралық кеңеске және Қазақстан-Әзербайжан бизнес форумына қатысады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы