Астаналық азамат бір отбасын өрттен құтқарып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 мамыр күні сағат 06.23-де Саржайлау көшесіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-нің өрт Өрт сөндірушілер келген кезде жалпы ауданы 110 ш/м мансард түріндегі жеке үйдің шатыры мен салынған веранда жанып жатқаны анықталды. Өрт ауыздықталды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда – делінген хабарламада.

Үйде екі кішкентай баласы бар отбасы тұрған.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін отбасы бала-шағасын есік арқылы шығаруға тырысты, бірақ есікке шығуға мүмкіндік болмайды. Өйткені жалын кіреберісті алып кеткен. Содан кейін терезеге жүгіріп, балаларды терезе арқылы түсіруге тырысады. Осы уақытта өтіп бара жатқан ер адам Қанат Байболов шатырдан қалың түтінді байқап, үйге жүгіріп, әйелі мен балаларды терезеден сыртқа шығаруға тырысып жатқан ер адамды көрді. Үй иесі балаларды терезе арқылы Қанатқа берген – делінген хабарламада.

34 жасар Қанат Байболов болып шықты. Қанат, қауіп туралы ойламай, кішкентай балаларды құтқаруға көмек көрсетті, барлық отбасы аман-есен құтқарылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы