28 Маусым 2024 2024, 11:29 Фото: елорда әкімдігінің сайты

Астана аумағына кіріп-шығуға шектеу қойылатыны рас па

Астана қаласының аумағына автокөліктердің кіріп-шығуына шектеу қойылғаны туралы ақпарат жалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласының аумағына автокөліктердің кіріп-шығуына шектеу қойылғаны туралы ақпарат жалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы елорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі 1 - 5 шілде аралығында қала маңындағы Қосшы, Қоянды, Ильинка, Талапкер және басқа да елдімекендерден елордаға баратын жолдар жабылады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Азаматтардың қалаға кіріп-шығуына ешқандай шектеулер қойылмаған. Астана қаласының Полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін жауаптылық көзделетінін ескертеді және ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады, - делінген хабарламада.