21 Қаңтар 2025 2025, 10:02 Фото: - архив

Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылды

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі рейстердің кешігуі туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі рейстердің кешігуі туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгілі болғандай, Астана әуежайының ұшу-қону жолағы қолайсыз ауа райы және техникалық қызмет көрсетуге байланысты уақытша жабылды.

Құрметті жолаушылар! 2025 жылғы 21 қаңтар күні жергілікті уақытпен сағат 8:33-тен 10:33-ке дейін Астана әуежайының ұшу-қону жолағы қолайсыз ауа райы және техникалық қызмет көрсетуге байланысты уақытша жабылады. Ұшу-қону жолағын қардан тазалап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әуежай аумағында 10 арнайы техника жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлады әуежайының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта жоспарланған 70 рейстің 6-ы кешіктіріліп, күтілетін 68 рейстің 14-і де кешігуде. Барлық кешігулер ауа райы жағдайы мен аэродромға техникалық қызмет көрсетуге байланысты.

Жолаушылар рейстердің жай-күйі мен кестедегі өзгерістер туралы ақпаратты әуежайдың ресми сайты www.nn-airport.kz арқылы немесе тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығынан: 8 (7172) 702-999 біле алады.

Осы жағдайға түсіністікпен қарауды және жаңартуларды бақылауды сұраймыз, - делінген хабарламада.