Астана әуежайында жолаушылардан 2 мыңға жуық тыйым салынған зат анықталған

Елорда әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің инспекторлары жыл басынан жолаушыларды тексеру пунктерінде 2 мыңға жуық тыйым салынған зат анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеру барысында көзге ерекше түскен заттардың қатарында 200 шамасында қаруға ұқсас ойыншықтар мен сувенирлер, сондай-ақ тез тұтанатын 174,25 л сұйықтық пен 15-ке жуық пиротехникалық заттар болған, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, тыйым салынған заттарға қатысты 16 материал сот және құқық қорғау органдарына жіберілді.

Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыйымдылығы 100 мл-ден асатын контейнерлердегі кез келген сұйықтықты (су, сусындар, қырынуға арналған көбік және т.б.), әсіресе белгісіз құрамдағы заттар мен сұйықтықтарды (зауыттық қаптамасыз, техникалық паспортсыз және сертификатсыз) қол жүгімен тасымалдауға тыйым салынады.

Астана әуежайының әуе қауіпсіздігі қызметі багажды жинау барысында жолаушыларға барынша жауапкершілік танытып, қол жүгі мен багаж тасымалдауда тыйым салынған заттардың тізімімен алдын ала танысуға кеңес береді.

Тыйым салынған заттардың тізімін ресми сайттан www.nn-airport.kz қарап таныса аласыздар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: @nqzairport
Өзгелердің жаңалығы