Астана әуежайында техникалық ақау: Нөсер суы залға тараған

Әлеуметтік желіде Астана халықаралық әуежайында еденді су басқаны туралы бейнежазбалар тарады. Әуежайдың баспасөз қызметі аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әуежай өкілдерінің мәліметінше, бүгін, 27 шілде күні сағат 19:36 шамасында Астана қаласындағы халықаралық әуежайдың бірінші қабатында (жалпы келу залы) нөсер суын бұру жүйесінде техникалық ақау тіркелген. Дегенмен, ақау жылдам анықталып, сағат 19:47-де толық жойылды. Су кету салдары дереу реттеліп, ғимараттың қалыпты жұмысына кедергі келтірмеген.

Ақау 11 минут ішінде жойылды. Рейстер кестесі өзгерген жоқ, кешігулер тіркелмеді. Әуежай қалыпты режимде жұмысын жалғастыруда, – делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта барлық терминалдар мен инженерлік жүйелер толық бақылауда. Жолаушыларға еш қолайсыздық туындамаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: nn-airport.kz
Өзгелердің жаңалығы