Астана әуежайында рейстер кешігуі мүмкін: көлік министрлігі себебін түсіндірді

Көлік министрлігі Астана әуежайында рейстердің кешігуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

28 маусымнан бастап Астана қаласының әуежайындағы рейстердің кешігуіне 3-4 шілдеге жоспарланған Шанхай ұйымының саммитіне дайындық шеңберіндегі қорғаныс министрлігі ұшақтарының дайындық жүргізуі себеп болып отыр. Осыған байланысты Астана әуежайындағы әуе кеңістігінің уақытша жабылды", - делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство дайындық мақсатындағы рейстер 30 маусымға дейін сағат 09.25-тен 10.20-ға дейін орындалатынын хабарлады.

Осыған түсіністікпен қарауды сұраймыз. Жолаушыларға осы уақыт аралығында әуе компанияларынан ұшу уақытын алдын ала нақтылап алу ұсынылады, - деді министрлік өкілдері.

Сонымен бірге әуе кеңістігінің уақытша жабылуына орай болып жатқан кідірістер басқа қалаларда, атап айтқанда Астана және Алматы қалаларындағы рейстердің кешігуіне әкеп соғуы мүмкін екенін атап өткен жөн, – дейді министрлік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы