Астана әуежайында 85 млн теңгенің коллекциялық монеталарын алып бара жатқан екі адам ұсталды
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 2023 жылғы 7 қазанда Астана қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Шекара қызметі шекаралық бақылау басқармасының әскери қызметшілері прокуратура және әуежайды тексеру қызметімен бірлесіп, декларацияланбаған коллекциялық монеталарды алып жүрді деген күдікпен Қазақстанның екі азаматын ұстады.
Алдын ала деректер бойынша номиналы 100 және 50 мың теңге, сондай-ақ салмағы 2 және 1 кг монеталар тиісінше 999 сынамалы алтыннан жасалған.
Тәркіленген заттың алдын ала кедендік құны шамамен 85 млн теңгені құрайды.
«Құқық бұзушылар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін құзыретті органдарға берілді»,-делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Мың бояулы Бурабай" баспасөз сапары өтті
Келесі жаңалық
ТЖМ құтқарушылары 5 автокөлікті өрттен корғап қалды
Өзгелердің жаңалығы