22 Қыркүйек 2026, 21:47 Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Астана әуежайында 223 iPhone 18 смартфонын заңсыз әкелу фактісі анықталды

Тексеру барысында төрт адамның жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені, тағы төрт адамның кәсіпкерлік мәртебесінсіз тауар әкелгені анықталды.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай – Астана» кеден бекетінің қызметкерлері мобильді құрылғыларды заңсыз әкелудің 10 фактісін анықтады. Нәтижесінде 223 дана iPhone 18 смартфоны мен 10 жұп AirPods сымсыз құлаққабы тәркіленді.

Кедендік бақылау кезінде жолаушылардың аталған тауарларды «жасыл дәліз» арқылы, яғни декларациясыз алып өткені белгілі болды. Бір жолаушының багажынан бірден 50 смартфон табылған.

Тексеру барысында төрт адамның жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені, тағы төрт адамның кәсіпкерлік мәртебесінсіз тауар әкелгені анықталды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, жеке тұлғаларға бір адамға екі смартфоннан артық емес мөлшерде ұялы телефон алып өтуге рұқсат етіледі. Белгіленген мөлшерден асатын немесе жеке пайдалануға арналмаған тауарлар кедендік декларациялауға және тиісті рәсімдерден өткізуге жатады.

Анықталған мобильді құрылғылар уақытша сақтау қоймасына орналастырылды. Фактілер бойынша заңнамада көзделген әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданып жатыр.