Астана әуежайына жарылғыш зат қойылды – фейк

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әуежайы аумағына жарылғыш зат қойылды деген хабар жалған болып шықты.

Бұл туралы  қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

28 шілде күні сағат 09:46-да «102» арнасына авиациялық қауіпсіздік қызметінен әуежайдың электронды поштасына әуежай аумағында қолдан жасалған жарылғыш құрылғысының қойылғаны туралы хабар келіп түсті. Құқық қорғау органдары тексеру жүргізді, - делінген хабарламада.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тексеру кезінде әуежай аумағынан жарылғыш зат табылмаған.

Осы орайда аталған ведомство бомба туралы жалған хабар үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы