Астана әуежайына жаңа басшы келді

Ерғазы Жолдасов "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы бұйрығымен "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасы қызметіне Ерғазы Жолдасов тағайындалды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Азаматтық авиация комитеті
Өзгелердің жаңалығы