Астана әуежайына швейцариялық ұшақ қонуға мәжбүр болды
Бүгін 17 тамызда жерегілікті сағат 16:00-де Boeing 777-300ER (борт нөмірі HBJNI) ұшағымен Токиодан Цюрихке ұшқан Swissair SWR161 рейсі Астана әуежайына шұғыл қонды. 50 жастағы жолаушы инсульт алды деген күдікке байланысты экипаж қонуға шешім қабылдаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұшақ жолаққа сәтті қонғаннан кейін, ұшу-қону жолындағы бұрылыс кезінде экипаж қателігінен ұшақ жолақтан сырғып кеткен.
Осыған байланысты сағат 16:03-те апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін дабылды ескерту жарияланды.
Астана әуежайы екі сағатқа барлық рейстер үшін уақытша жабық. Осының салдарынан тұрақты рейстердің кешігуі күтілуде.
Біз жолаушыларымыздан орын алған келеңсіз жағдай үшін кешірім сұраймыз және кідірістерді азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Жағдай біздің бақылауда,-деп мәлімдеді әуежайдың баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жезқазған қаласында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы өтті
Келесі жаңалық
«Астана» клубы алғаш рет лига кубогының чемпионы атанды
Өзгелердің жаңалығы