Астана әуежайына шұғыл қонған ұшақтағы жолаушының жағдайы белгілі болды

Дәрігерлер 17 тамызда Астана әуежайына шұғыл қонған швейцариялық ұшақтағы жолаушының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дәрігерлердің айтуынша, 52 жастағы жапониялық азамат қазір ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр.

17 тамызда жедел жәрдем қызметі ер адамды әуежайдан №2 қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізді. Оған ми қан айналымының жедел бұзылуы – инсульт деген диагноз қойылды, – деп хабарлады Астана Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, шетелдіктерге емдеу "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 88-бабының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана әуежайы
Өзгелердің жаңалығы