Астана әуежайы қазаннан бастап жұмыс кестесін өзгертеді
5 қазаннан бастапсағат 1.00-де аэродром қайтадан штаттық режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана әуежайында ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды. Енді әуежай тәулік бойғы жұмысын қайта жалғастырады, деп хабарлайды әуеайлағының баспасөз қызметі.
Әуежай жөндеу жұмыстарына байланысты мамыр айынан бастап түнде жабылған болатын.
5 қазаннан бастапсағат 1.00-де аэродром қайтадан штаттық режимде жұмыс істейді. Негізі барлық жұмыс 24 желтоқсанда аяқталады деп жоспарланған болатын, – дейді әуе айлағы.
Әуежайдың баспасөз қызметі жөндеу жұмыстарының толық аяқталмағанын, бірақ бұл рейстерге әсер етпейтінін мәлімдеді.
Жүргізілген жұмыстар барысында ауданы 26 746,64 шаршы метр магистральдық жолдағы асфальтбетон жабыны ауыстырылды. Сондай-ақ ауданы 53 920 шаршы метр ұшу-қону жолағындағы асфальтбетон жабыны ауыстырылды. Мердігер орындайтын қалған кішігірім жұмыстар әуе рейстерінің жұмысына әсер етпейді, – деді елорда әуежайы өкілдері.