26 Қараша 2026, 22:38

Астана-Атырау бағытына заманауи Stadler вагондары қосылды

Құрамда әйелдерге арналған вагон да бар.

Астана-Атырау бағытындағы №47/48 жолаушылар пойызы 9 вагонмен толықты.
 
Оның ішінде купеге 40, ал плацкартқа 56 орын қарастырылған.

Жаңа вагондар жолаушыларға заманауи жабдықтармен қамтылған. Климатты реттеу жүйесі, жеке жарықтандыру шамдары, 220 В розеткалары, бейнебақылау жүйесі және жүк орналастыруға арналған арнайы орындар бар.

Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар жолаушылардың жайлылығы ескерілген. Бұдан бөлек, әйелдерге арналған арнайы вагон да қарастырылған.