Astana Art Show-2019 көрмесіне 15 елдің суретшісі қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Astana Art Show-2019 аясында «Racing the Galaxy» заманауи өнер көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға 15 елдің 20 суретшісі қатысады, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.

"Суретшілердің бірегей жұмыстары Тәуелсіздік Сарайында, Бейбітшілік және келісім сарайында көреременге ұсынылады, бірнеше арт-нысан Нұр-Сұлтан қаласының кеңістігін безендіреді. «Racing the Galaxy» халықаралық көрмесінде Микеланджело Пистолетто (Италия), Леандро Эрлих (Аргентина), Joel Andrianomearisoa (Мадагаскар о.),  (Түркия), Асхат Ахмедияров (Қазақстан) және тағы басқа танымал қазақстандық және шетелдік суретшілердің туындылары ұсынылады", - делінген таратылған ақпаратта.

Astana Art Show-2019 – бұл керемет оқиға негізінде жиналатын барлық суретшіге тән номадизм мен еркіндік рухы. Astana Art Show-2019 тек көркем экспозицияларды ғана емес тегін білім беру бағдарламасын да қамтиды. Олардың қатарында шеберлік сыныптары, воркшоптар, көпшілік лекцияларлар бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы