Астана-Ақтау бағытындағы ұшақта жолаушы бортсерікті ұрып жіберді

SCAT авиакомпаниясының рейсінде жолаушы бортсерікке шабуыл жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 20 сәуірде, сағат 00:05 шамасында, ұшақ Ақтауға қонған кезде орын алған. Куәгерлердің айтуынша, жолаушылар ұшақтан түсіп жатқан сәтте бір жолаушы ұялы телефонын салонда ұмытып кеткенін байқап, қайта кіруге тырысқан. Алайда, бортсерік оның салонға бірден кіруіне рұқсат бермей, біраз күтуін өтінген.

Бірақ жолаушы бұл әрекетке ашуланып, бортсеріктің артынан жүгіріп барып, оның бетіне соққы берген. Куәгерлер ер адамның әрекетін қатаң айыптап, оның бүкіл рейс барысында тәртіпсіздік танытпағанын, алайда шабуыл күтпеген жерден болғанын айтты.

Бұл адам ірі денелі, агрессивті болды. Оқиға орнында мүгедек әйел, басқа да жолаушылар отырған. Егер бортсерік ер адам емес, әйел болса не болар еді? Мұндай әрекеттерге заңды түрде қатаң шара қолданылуы тиіс, – деді жолаушы куәгер.

Қазіргі таңда оқиғаға байланысты тиісті органдар тарапынан тексеру жүргізіліп жатқаны хабарланды. Авиакомпания тарапынан ресми түсініктеме әзірге берілген жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив
Өзгелердің жаңалығы