Астана әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ШҚО-ның экс-әкімі, Қазақстан Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Бүгін Астана қаласы жеңіл атлетика федерациясының кезекті сайланбалы конференциясы өтті. Конференция мүшелерінің шешімімен Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы федерация президенті болып сайланды. Жиын барысында қалымыздағы жеңіл атлетиканы дамыту, сондай-ақ жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру, спортшылардың деңгейін көтеру сияқты маңызды міндеттер талқыланды. Жиынға Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының Президенті Даниал Ахметов және қалалық жеңіл атлетика федерациясының мүшелері қатысты, - деп жазды ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/danial.akhmetov.official
Өзгелердің жаңалығы