Астана әкімі ең алдымен қандай мәселені шешетінін айтты

Үкіметтің кеңейтілген отырысынан соң Астананың жаңа әкімі Жеңіс Қасымбек БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер әкімннен командалық ауысу бола ма? сұрады.

Ешкімді әкелеймін, ешкімді ауыстырмаймын, - деді ол.

LRT мәселесі ше? – деп сұрады БАҚ өкілі.

Осы жылдың соңына дейін қала тұрғындарымен кездесемін. LRT жобасы 2-3 жылдың ішінде аяқталатын болады, – деді әкім.

Сонымен қатар жаңа әкім ең алдымен қандай мәселелерді шешуге кірісетінін айтты.

Қалада өте маңызды мәселелер бар. Нақты біреуін айта алмаймын, бірақ көп. Мәселен, Астанада 47 мың адам кезекте тұр. Оның жартысы көпбалалы отбасылар. Сол азаматтардың мәселесін шешу керек. Қалада коммуналдық желілердің тозығы жеткен. Міне, осы мәселелерден бастаймыз, – деді елорда әкімі.

Сөз соңында Жеңіс Қасымбек журналистерге ашық болатынына уәде берді.


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы