Астана әкімдігі тротуар сапасына қатысты шағымдарға жауап берді
Елорда көшелерін абаттандыру мәселесі тұрғындар арасында әлі де талқыланып келеді. Бірі жаяу жүргіншілер жолын жаңарту бойынша ауқымды жұмыстарды оң бағаласа, енді бірі плитканың сапасы мен оның төселуіне жиі шағымданады. Әлеуметтік желілерде төсеніштің бір бөлігі қисық төселгені, кейбір плиталар шөгіп, аяқты басқанда қозғалып, сүрініп кету қаупін туғызатыны көрінетін суреттер жиі жарияланады. Қала тұрғындары мұндай кемшіліктер қарапайым серуенді қиындататынын айтып, неге жаңадан салынған тротуарлардың сапасы сын көтермейтінін түсіндіруді қалалық биліктен талап етуде. Тротуарларды жөндеу үшін учаскелердің қалай таңдалатыны, плитканы ауыстыруға қанша қаржы бөлінетіні және төсеу сапасына кім жауапты екенін анықтау мақсатында BAQ.KZ редакциясы Астана қаласының «Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне ресми сауал жолдады.
Неліктен жөндеу жұмыстары жиі жүргізіледі
Плитканы ауыстыру жұмыстары көшелердің орташа жөндеу аясында жүргізіледі, ал бір учаскеде қайта төсеу қарастырылмаған. Қаптаманың аралық жөндеу мерзімі – 5 жыл. Әкімдіктің айтуынша, мердігерлер 3 жылдық кепілдік береді, осы уақыт ішінде анықталған барлық ақаулар олардың есебінен жойылады.
Бір шаршы метр жабынның құны материалдың сапасына және оның геометриялық параметрлеріне байланысты. Бір көшеде тас төсеуіш қайтадан ауыстырылмайды, – деп нақтылады Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Мемлекеттік орган атап өткендей, бүкіл процесс «Жол активтері сапасы ұлттық орталығының» бақылауымен жүргізіледі. Орталық мамандары қолданылатын материалдарды тексеріп, төсеу технологиясын қадағалайды әрі дайын учаскелерді қабылдайды.
Тас төсеуіш төсеумен айналысатын мердігер ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік-техникалық құжаттарда бекітілген қатаң талаптар қойылады, – деп мәлімдеді Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Мәңгілік ел даңғылындағы Министрлік үйіне қарама-қарсы ауданды қосқанда, тротуардың кейбір учаскелері неліктен жылдың суық мезгілдерінде қатты тайғанақ болатындығы туралы сұраққа Бақсарма бұл қолданылатын материалдардың ерекшеліктерім ен төсем технологиясына байланысты деп жауап берді. Астана отандық плитканы қолмен төсеу әдісі қолданылады. Бұл өз кезегінде процесті қиындатқанымен, жабынның ұзақ мерзімге шыдауымен беріктігін қамтамасыз етеді.
Басқарманың мәліметіне сүйенсек, төсемге қолданылатын материалдар мен технология жіті тексерістен өткізіліп, Қазақстан Республикасының бекітілген нормативтерінің талаптарына жауап береді. Беткейінің қатты тайғанақ немесе тегіс болмауы сынды анықталған барлық ақауды мердігер нысанды тапсырған кезде беретін үшжылдық кепілдік аясында реттейді.
Әкімдік плитка төсеу мен ауыстыру жұмыстары жоспарлы орта жөндеу жұмыстары аясында жүргізілетінін атап өтті. Ал бірдей учаскелердегі жабындарды қайтадан ауыстыруға бюджеттен қаражат бөлінбейді. Бұл мердігерлерге айқындалған ақауларды кепілдік мерзімі ішінде жөндеу үшін жауапкершілік жүктелетінін білдіреді. Ал қала қазынасынан қаражат жаңа учаскелерге бөлінеді.