«Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің онлайн отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Қазмедиа орталығында онлайн форматта «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің онлайн отырысы өтті.

Бұл туралы ҚХА баспасөз қызметі хабарлады.

Шараға ҚХА төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев, ҚХА мүшесі, «Қазақстан ұйғыр жастар одағы» РҚБ төрағасы Рустам Кайрыев, сонымен қатар ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдарының өкілдері, республикалық жастар бірлестігінің, «Ассамблея жастары» РҚБ көшбасшылары қатысты.

Бүгін біз Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді жастарымен, Жастар ұйымдары мен қоғамдастықтардың өкілдерімен жастармен жұмыс қызметінің өзекті мәселелері мен бағыттарын талқылау үшін кездесіп отырмыз. Қазіргі уақытта жаңа жастар ұйымы қабылдаған шаралардың тиімділігі мен нәтижелілігі жастар бастамаларын дамытудың негізгі индикаторы болып табылады. Өткен айда болған жағдайлар жастардың құқытқы білімін, қаржылық сауаттылығын, әл-ауқатын көтеру бүгінгі күндегі басты мәселелердің бірі екендігін көрсетіп отыр, - деп атап өтті ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілханов. 

«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев өз сөзінде аз уақыт ішінде қоғамдық бірлестік көп жастарды қамтып, ауқымды жұмыстар бастап кеткенін айтты.

Жыл басында елімізде орын алған келеңсіздіктер жастармен тығыз жұмыс жасау керектігінен хабардар етті. Біздің ұйым осы ретте алты бағыт бойынша жұмысын жалғастыратын болады. Сол секілді біздің идеологиямыздың бағыты «Қазақстан – ортақ үйіміз» тақырыбына саяды. Басты бағыттарымыз: «Social Assembly», «Брілк тілі», «Ел мұрасы», «Таза орта», «Қасиетті парыз» және «Jastar media». Біз де азаматтық бірлестік ретінде ҚР Президент беріп отырған басым бағыттар бойынша жұмыс жасайтын боламыз, - деді Джумурбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы