«Ассамблея жастары» Достық аллеясына ағаш көшеттерін отырғызды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24-25 наурызда Алматы облысының Шонжы кентінде «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері өңір жастарымен бірқатар мотивациялық кездесулер өткізді, деп хабарлады assembly.kz
Нетворкинг форматында өткен қарым-қатынастың мақсаты – жастардың қолға алған бастамаларын қолдау шараларын және жастардың әлеуметтік өсу мүмкіндіктерін талқылау болды. Кездесуге Алматы облысына қарасты аудандардан өкілдер қатысты.
Іс-шара барысында спикерлер табысқа жету және жеке өсу дағдыларын дамыту бойынша пайдалы кеңестерімен бөлісті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ауылдық деңгейде жастар саясатын жетілдірудің өзекті тақырыптарын талқылады.
Сонымен қатар «Ассамблея жастары» ұйымының көшбасшылары «Таза орта» жобалық бағыты аясында экологиялық акция өткізді. Ұйғыр ауданының орталығында жергілікті жастармен бірлесіп, «Достық аллеясына» ағаш отырғызды. Бұл күні белсенділер 50 қылқан жапырақты ағаш көшеттерін отырғызды. Олар келешекте ауданның көз тартар көрікті жеріне айналары сөзсіз.
Бұған дейін мемлекет басшысы 2 млрд ағаш отырғызу туралы бастама көтерген болатын. Біздер – жастар үшін бұл идеяны жүзеге асыру оңай болып көрінеді, сондықтан өз күшімізбен елімізді көгалдандыруға көмектесуге тырысамыз. Біз Ұйғыр ауданындағы Достық аллеясын түрлі ұлт өкілдерінің: қазақ, ұйғыр, татар, орыс күшімен орнаттық. Ал осындай бірлескен жасампаздық іс-шаралар жастарымыздың бірігуіне ықпал етеді және бұл аллея аудан тұрғындары үшін жақсы сыйлық болады деп үміттенеміз, – деп атап өтті «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев.
Іс-шараға қатысушылар осындай жастар бастамаларын іске асыру басқа өңірлерде де жалғасатынын атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, экологияны сақтау және қоршаған ортаны қорғау – «Ассамблея жастары» жастар ұйымы қызметінің маңызды бағыттарының бірі.
Сондай-ақ ұйым белсенділерінің жоспарында өткен басқа өңірлерде «Халық достығы» саябақтарына ағаш отырғызу да бар. Бұл бастаманы былтырғы жылы қазан айында Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы ұсынған болатын.