Ассамблея алдындағы міндеттер айқын – Назарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады, деп хабарлады ҚР Тұңғыш президенті – Елбасының баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш президентіне Ассамблеяның атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпарат берілді.
Ассамблея алдындағы міндеттер айқын. XXVII сессияда қабылданған шешімдер бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттары жарияланды. Енді өңірлік этномәдени бірлестіктерді тарта отырып жергілікті жерлерде жұмысты ілгерілету және түсіндіру маңызды. Барлық облыстарда тиісті жұмысты жолға қою қажет, - деді Елбасы.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА жұмысын халықаралық бағытта күшейтудің маңыздылығына назар аударды.
Сіздің тапсырмаларыңызды орындау үшін Ассамблея жұмысын жандандыру бойынша бірқатар шара қабылданды. Негізгі басымдықты өңірлерге бердік. Соңғы 2 айдың ішінде 2000-нан астам іс-шара өткізіліп, 4,5 милионнан астам адам қатысты, - деді Жансейіт Түймебаев.
Кездесу соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сағынтаев: Адам өмірін ақшамен өлшеуге болмайды
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы