Үкімет Ассамблеяға қатысты Қаулы қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс істеуін ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлғаны  айқындау туралы Қаулы қабылдады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс істеуін ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлғаны  айқындау туралы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 2008 жылғы 20 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс істеуін ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға болып айқындалсын. 

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы