Асқынған мәселелер саяси қатысу дағдарысынан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды. 

Меніңше, еліміздегі саяси, әлеуметтік астары бар асқынған мәселелер саяси қатысудың дағдарысынан болып отыр. Саяси қатысу деп барлығымыздың саясатқа сайлау, азаматтық қоғам, БАҚ арқылы қатысуымызды айтамыз. Мен өзімнің зерттеуімде танымал қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаевтың еліміздің әр аймағынан 56 сарапшы қатысқан сараптамалық сауалнамасына сүйендім. Респонденттердің 81,5 пайызы билік пен бұқараның арасындағы байланыстың жетіспеушілігіне куә болатынын айтқан. Сауалнамаға қатысушылардың 38 пайызы халықтың билікке деген сенім дағдарысын атаған, – деді өз сөзінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры Гүлмира Фельетанова. 

Сонымен қатар, конференцияда этносаралық және ұлтаралық келісім мәселелеріне, Еуразия этностарының мәдени мұрасын сақтау, этноәлеуметтік, этнолингвистикалық және діни үдерістерге ерекше назар аударылды.

Айта кету керек, конференция қорытындысы бойынша «Жаңа Қазақстан: тарихи сананы модернизациялау контекстіндегі Евразияның этностары мен мәдениеттері» тақырыбындағы ғылыми еңбектердің электронды жинағы жарық көреді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы